Қазақ ауылдарын түлету қажет

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Калел Мақсұтов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Қарқаралы ауданында жүргізді.

Спикер халық алдында қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, шешілу жолдарын айтты. Сондай-ақ, ол Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Халық партиясы ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынады, – деді ол.

Бұл қадам қалалардағы көптеген әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде жұмыссыздықты, балабақшалар мен мектептердегі орындардың жетіспеушілігін шешеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен ауылдың дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Бағдарламаға сәйкес, қолданыстағы жобаларды қайта қарап, ауылдарда әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымын салуға қаржы бөлу қажет.

Сондай-ақ, спикер ауылшаруашылығы мақсатындағы 100 млн.га пайдаланылмай жатқан жерлер бар екенін тілге тиек етті. Мұнан өзге партия әр азаматқа қалада 10 сотық, ауылда 25 сотық жер телімін беруді ұсынады. Әйткенмен «Ауылдық жерлерде жер онда жұмыс істейтін адамға ғана тиесілі болуы керек» – деп нақтылады К.Мақсұтов.

Жиында партия өкілі сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, 19 наурызда өтетін сайлауда белсенді болуға шақырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy