Қазақстан Халық партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Елордада ҚХП партиялық билеттерін тапсыру салтанаты өтті. Жиынға «Артспорт» бағдарламасының белсенділері қатысты.
Халық партиясының танымалдығының артуы және оған жаңа күштердің келіп қосылуы саяси бірлестіктің жаңғырып жатқанын және қоғамдағы белсенділігін көрсетеді.
Партбилеттерді тапсыру барысында ҚХП төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин жаңа мүшелерді құттықтап, партия азаматтық белсенділермен тығыз қарым-қатынас орнатқанын мәлімдеді.
– Бұл біздің «Артспорт» бағдарламасын сақтап қалу жолындағы және басқа да маңызды бастамаларды жүзеге асырудағы бірлесіп атқарып жатқан жұмысымыз, – деп нақтылады төрағаның орынбасары. – Біз бірлескенде ғана өз өмірімізді жақсарта аламыз, біз бірге болғанда ғана кейінгі ұрпаққа дамыған, болашаққа ұмтылатын ел қалдырамыз.
С.Сайфуллин қазір ел электоралды кезеңде екенін, бұл кезең Мемлекет басшысын сайлаудан басталатынын айтты.
– Біз қоғамның ең мықты күштерін біріктіреміз, Мемлекет басшысы бастаған елдің тұрақтылығын сақтау және ауқымды өзгерістерді іске асыру мақсатындағы жобаларды жүзеге асыру үшін біздің ортақ Коалиция ұсынған кандидатты, іс басындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз деп үміттенемін, –деді ол.