ҚХП жыл қорытындысын шығарды

Қазақстан Халық партиясы 2022 жылы атқарған жұмысын қорытындылады.

Айта кету керек, өтіп бара жатқан жыл саяси оқиғаларға толы болды. Солардың ең маңыздысы – ел Конституциясына түзету енгізу жөніндегі жалпы республикалық референдум. ҚХП осы шараны қолдау үшін үгіт-насихат жұмысына белсенді қатысты. Нәтиже ел күткендей болды. Реформаларды сайлаушылардың – 77% -ы қолдады. Ал сайлау учаскелеріне келу көрсеткіші – 70% -ға жуықтады.

ҚХП еліміздің басты құжатына енгізілген түзету мәтініне өз үлесін қосты. Атап айтқанда, жер мен табиғи ресурстардың иесі мемлекет емес, халық деген бастама көтерді.

– Жерге, жер қойнауы мен байлығына халық меншігін бекіту қажет, – деп атап өтті партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

ҚХП ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезінде де
ауқымды жұмыс атқарды. Партия ресми түрде Халықтық Коалиция құрамына еніп, өз кандидаты ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқылардың бірі болып ұсынды. Сайлау науқанына ҚХП-дан 189 сенім білдірілген адам қатысты, 797 үгіт-насихат шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Әлеуметтік желілерге 20 мыңнан астам пост жарияланды.

ҚХП елдің қоғамдық өмірінде де белсенді болды. Партия тікелей эфирлер, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен пікірталастар барысында халықтың ең өзекті және өткір мәселелерін көтерді. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беретін жекеменшік мекемелерді лицензиялау, АРТСПОРТ бағдарламасын қаржыландыру және әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету мәселелері қамтылды. Партия олигархтардың мемлекеттік активтерді жекешелендіруіне тыйым салуды, мегаполистердегі нүктелі құрылысты тоқтатуды сондай-ақ жайылымдық жерлерді фермерлерге қайтаруды жақтады.

ҚХП алғашқылардың бірі болып Экология министрлігі ату арқылы реттеуді жоспарлаған ақбөкендерді және құрғау қаупі төнген Кіші Талдыкөл көлдері желісін қорғауға атсалысты. Сонымен қатар партия мүгедек адамдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының және несиесі бар азаматтардың құқығын сақтау бойынша жоспарлы құқықтық жұмыс жүргізді. Бұған қоса партия салалық кәсіптік одақтармен бірлесіп, қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғады.

ҚХП партия ішіндегі құрылымдық және жүйелік мәселелерді де шешті. Кадр резервінің жағдайы жақсарды және жастарды, ШОБ өкілдерін сонымен қатар бюджет қызметкерлерін саяси өмірге тарту жұмысын күшейтті. Қазір Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындық жұмысы жүріп жатыр.

– Біздің мақсатымыз айқын және әрқайсымыз үшін маңызды, – дейді партиялықтар. – Халық бізге сенеді. Біз бұл сенімге лайық боламыз және оны ақтау үшін барлығын жасаймыз! Біздің міндетіміз – өзгерістердің алдыңғы қатарында болу!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy