Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Президент сайлауында дауыс берді

20 қараша күні таңертең ҚХП төрағасы елордадағы М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында орналасқан № 137 сайлау учаскесінде болып, өз таңдауын жасады.

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін Е.Ертісбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Аталған саяси науқанда азаматтық белсенділік жоғары екенін айрықша атады.

«Аз уақыт арасында сайлаушылардың төрттен бірінен астамы дауыс беріп үлгерді. Туған жерім Қарағандының осы тізімде бірінші орында тұрғаны мені ерекше қуантады», - деді.

Мұнда ол халық коалициясы мен ҚХП өкілдері ұйымдастырған сайлаушылар арасындағы үгіт-насихат жұмыстары туралы айтты. Ермұхамет Ертісбаевтың өзі сайлаушылармен жүзге жуық кездесу өткізіп үлгерді. Коалиция құрамына үш парламенттік партия мен бірнеше ҮЕҰ кірді», - деп түсіндірді ол. Жұмыс орасан зор болды. ҚХП төрағасының болашаққа болжамдары оптимистік бағытта.

«Мемлекет басшысы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталатынын айтты», - деп атап өтті Ертісбаев.

«Бұл еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруы әрі жаңа мемлекеттік-саяси құрылым қаланып жатқанының айқын көрінісі. Бір сөзбен айтқанда - жаңа Қазақстан», - деді ол.

Журналистермен кездесу барысында Ермұхамет Ертісбаев сайлау қорытындысы бойынша түсініктемелер беруге уәде етті.

Қазақстан Халық партиясы әрқашан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформаларды қолдайтынын жеткізді. Бұл қадам әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін аса қажет деп санады.

Тек осылай ғана республикамыз жоғарғы биліктің монополиялануына тосқауыл қоя алатынына, мемлекеттік-саяси құрылымды жаңғыртып, дамудың жаңа әлеуметтік-экономикалық моделіне көшетініне сенімді. Айта кетейік, 2022 жылғы кезектен тыс сайлауда ҚХП Мемлекет басшысының кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестіктердің бірыңғай коалициясының құрамына кірген болатын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy