ҚХП Қостанай облыстық филиалының өкілдері «Большевичка» фабрикасының ұжымымен кездесіті. Онда спикерлер Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Аты аңызға айналған «Большевичка» фабрикасы өңірдегі тігін өнеркәсібінің дамуына өз үлесін қосып отыр. Экономикалық нарық уақытында кәсіпорын білікті басшылар мен ынтымағы берік ұжымның арқасында қиындықты еңсеріп өтті.
Өнеркәсіп 80 жылдан астам уақыт бұрын Херсоннан Қостанайға көшірілді. Осылайша тігін фабрикасы тоқыраудан аман шығып, өнімдері сұранысқа ие бола бастады. Партия өкілдерінің пікірінше, мұндай кәсіпорындарға мемлекет қолдау көрсетуі керек.
Кездесуде спикерлер Халық партиясы экономика мен халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін ШОБ субъектілерін қолдайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ отандық тауарларға ҚҚС-ты алып тастау, 5 пайыздық бірыңғай айналым салығын енгізу ұсынылғаны айтылды.
Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында Қазақстанға жаңа тиімді индустриялық саясат қажеттілігі, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған зауыттар мен фабрикаларды дамыту керектігі айтылған.
Кездесуде партия өкілдері қолжетімді тұрғын үй салу, әйелдердің зейнет жасын төмендету секілді мәселелер көтерілді.