2 наурызда ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков Батыс Қазақстан облысында партия активімен кездесті.
Халық партиясы билік өкілеттіктерін бөлуде тежеу мен тепе-теңдіктің саяси жүйесін жақтайды. Партия атышулы істер бойынша парламенттік тергеу жүргізу мүмкіндігі берілетін «Ықпалды Парламент» қағидатын іске асыруда Халықтық үкімет құру қажет. Осы және өзге де тақырыптар бойынша спикер кеңінен ой қозғады.
– Біз соттың тәуелсіздігін қалаймыз. Сондықтан аудандық соттың судьяларын халық сайлауы керек! – деді ол.
Төраға орынбасарының айтуынша, аудандық соттарда қаралатын істер көп. Сондықтан аудандық соттардың судьяларын халық сайлауы керек. Ал облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларын облыстық мәслихаттар сайлауы тиіс деп есептейді.
Экономикада орта тапты құруға және кедейлікті жоюға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді енгізу маңызды. Халық партиясы ел аумағында өз азаматтарымыз өндірген тауарлардан, көрсеткен қызметтерден қосымша құн салығын (ҚҚС) алып тастауды және айналымға 5% мөлшерінде бірыңғай салық енгізуді қолдайды. Кездесуде білім, медицина, тұрғын үй секілді салалардағы өзекті мәселелер де көтерілді.