Қазақстанда алимент қорын құру керек

6 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Эльмира Әуезова сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Қызылордадағы облыстық медициналық орталықта өткізді.

Спикер медицина өкілдерін Халық партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның басты мақсаты – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру!

– Өмірді құтқаратын және балаларды оқытатын барлық адамдардың лайықты жалақысы мен жұмыс жағдайлары болуы керек, – деді ол.

Халық партиясы әлеуметтік салада балаларды тегін оқыту мен студенттерге 70 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлеуді ұсынады. Сондай-ақ партия көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларды қолдау қажет деген пікірде.

ҚХП сонымен қатар елімізде алимент қорын құруды талап етіп отыр. Мұндағы механизм өте қарапайым. Мемлекет қорды қаржыландырады, яғни мұқтаж толық емес отбасыларға ақша төлейді, содан кейін борышкерлерден алимент өндіру арқылы шығындарды өтейді. Әкімшілік ресурсы бар мемлекеттің төлем алу мүмкіндігі жалғызбасты анаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан әлемде мұндай қорлардың сәтті тәжірибесіне сүйене отырып аталған заңды қабылдауға болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy