Қазақстандықтар жаппай ҚХП қатарына қабылдануда

Қазақстан Халық партиясы мүдделестерінің қатары толығып жатыр. 40-тан астам адам партия билетіне ие болды. Құжаттарды тапсыру рәсімі ҚХП орталық кеңсесінде өтті.

Бүгіне партия құрамында еңбек адамдары, жалдамалы жұмысшылар, жастар, азаматтық және қоғам белсенділері бар. Олар ел болашағына бей-жай қарамайтын, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуді жақтайтын жандар.

– Біздің партия ерекше қарқынмен күшейіп келеді, – деп атап өтті партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев. – Ол шынымен билікке ұмтылып жатыр.

ҚХП басшысы алда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының маңыздылығын атап өтті. Ол партия қатарына қабылданған азаматтарға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, бірлескен күш-жігермен Жаңа әрі Әділетті Қазақстан құруға болатынын баяндады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy