Мемлекет ақпаратқа қол жеткізуді насихаттайды, алайда кейде мемлекеттік органдарға телефон арқылы хабарласу мүмкін емес. Қазақстан Халық партиясы осы салада тәртіп орнатуға шақырды. «Телефон футболы» мәселесін Мәжіліс депутаты Гаухар Нұғманова көтерді.
– Ақпаратқа қол жеткізуді және мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі байланыс орталықтары болып табылады, – деп атап өтті Нұғманова.
– Бұл кіріс және шығыс қоңыраулары арқылы мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимыл орталықтары. Олар азаматтармен байланыста болуға және өтініштерге талдау жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы байланыс орталықтары мәдениет және спорт, қорғаныс, энергетика, сауда, бәсекелестікті қорғау және дамыту, салық салу, мемлекеттік қызмет сияқты қоғамдық маңызы бар салаларда жоқ. Қолжетімді бірнеше орталықтар байланысқа қолдау көрсетпейді, яғни олар жұмыс істемейді. Мысалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі байланыс орталығы. Нөмір Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында көрсетілген, бірақ жұмыс істемейді.
– 1414 Бірыңғай байланыс орталығының қызметі азаматтардың наразылығын туғызады, – деп атап өтті ҚХП депутаты. – Халық қоңырау шалу мүмкін еместігіне, берілетін кеңестің сапасыздығына, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі төмен екендігіне және т. б. шағымданады.
Азаматтардың ведомстволармен байланыс уақыты да шектеулі. Мысалы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің байланыс орталығы (1459) тек жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, 1 сағатқа техникалық үзіліспен жұмыс істейді.
– Олардың қызметі нақты уақыт режиміндегі міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс, – деп санайды мәжілісмен. – Бұл өтініштерге жедел жауап, мысалы, кеңес беру, алдыңғы өтініш бойынша ақпарат беру және т. б.
Қазақстан Халық партиясы мемлекеттік органдардың байланыс орталықтарын өзектендіруді, ең алдымен 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын жақсартуды ұсынды. Сондай-ақ осындай орталықтар қызметінің сапасын бақылауға алу өтініштерді өңдеу нәтижесі бойынша статистикалық деректерді жинау, әңгімелесу жазбасын тексеру, сапа карталарын енгізу және тұтастай алғанда операторлар жұмысының тиімділігін арттыру.