Балалар үйірмелері мен спорт секциялары тегін болуы тиіс

Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісіне кандидаттар Асхат Асылбеков, Эльмира Әуезова, Нұрсұлтан Шоқанов Алматы қаласындағы №40 және №145 орта мектептерде ата-аналармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Спикерлер сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Халық партиясы Артспорт қозғалысын қолдады. Осының арқасында жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз! – деді Асхат Асылбеков.

Жалпы, Халық партиясы мемлекеттік мекемелерде (арнаулы орта және жоғары) білім беру мен денсаулық сақтау мамандарын тегін оқыту, әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етеді.

Кездесуде партия өкілдері халықты тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. – Еліміздегі кедейшілікті жою қажет. Мемлекет халықты тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік салалардағы проблемалары реттеу керек, – деді Эльмира Әуезова.

Спикерлер халықтың қарызға батқанын, онлайн несиенің салдарынан елімізде алаяқтардың қаптап кеткенін, жастардың құмар ойынының құрбанына айналып бара жатқанын да алға тартты.

– Қазір онлайн несиенің жарнамасы қаптап кетті. Халық мәжбүрліктен несие алып, қарызға батып отыр. Алаяқ компаниялар елді қанап жатыр. Осыларды мемлекет ауыздықтауы керек», – деді Нұрсұлтан Шоқанов. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламада банктерге азаматтардың артық төлемдерін қайтарып беру туралы талап қойғандарын мәлімдеді.

Дәл осы күні Алматыда партияның жаңа мүшелеріне партбилеттер табысталды. Сонымен қатар Ақтөбеде Парламент Мәжілісіне үміткер Талғат Төремұратов «Еуропалық экономика, бизнес және құқық» колледжінің ұжымымен, ал Зухра Қамбарова Түркістанда «Яссы құрылыс» ЖШС-ның құрылысшыларымен жүздесті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy