Балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуы керек

Қазақстан Халық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Н.Оразханов пен «Everest VC» ЖШС басшысы Әділет Доқтырбек ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мұндағы мақсат айқын: елорда да дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуына атсалысып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жұмыстарды бірлесіп атқару.

Н.Оразханов спорт – денсаулық кепілі екенін тілге тиек ете келіп, Халық партиясы «AртСпорт» бағдарламасын қолдаған жалғыз саяси күш екенін алға тартты.

– Партия дабыл қаққаннан кейін еліміздегі мыңдаған жас шығармашылықпен және спортпен тегін айналысуды жалғастыруға қол жеткізді. Бұл балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға, ой-өрісін дамытуға және көптеген отбасының әлеуметтік ахуалын қолдауға септігін тигізді, – деді ҚХП Астана қалалық филиалының төрағасы.

Естеріңізге салайық, былтыр Мәдениет және спорт министрлігі «Aртспорт» үшін санаға сыймайтын ереже ұсынып, бағдарламаға бөлінген қаржыны қысқартуға қадам жасады. Халық партиясының араласуымен мәселе Мемлекет басшысына жетті. Қоғамдық резонанс түзетулерді қайта қарауға ықпал етті. Ақырында Президенттің пәрменімен министр отставкаға кетті. Ал балалар спортпен және шығармашылықпен айналысу құқығын сақтап қалды.

– Халық партиясы балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсуі керек деп санайды. Біз балаларымыздың спортпен және шығармашылықпен тегін айналысқанын қолдаймыз! Бұл туралы партияның сайлауалды бағдарламасында жазылған, – деді Н.Оразханов.

Өз кезегінде Ә. Доқтырбек балаларды жастайынан шынықтырса, дені сау және бәскеге қабілетті ұрпақ қалыптасатынын мәлімдеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy