Қазақстан Халық партиясы қоғамдық бақылау аясы "Қауіпсіз мектеп" акциясын жүргізуде. Партиялықтар қоғам белсенділерімен және сарапшылармен бірлесе отырып, өңірлердегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екендігін тексереді.
ҚХП Қостанай облыстық филиалының өкілдері Қостанай ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Алма Жүсіповамен бірлесіп, Қостанай ауданының бес мектебіне барды. Атап айтқанда, олар Тобыл қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің ұжымымен кездесті. Мұнда 690 оқушы оқиды. Биыл барлығы ыстық тамақпен қамтылады. Мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі шеңберінде жабдықталады.
– Осы әдістеменің арқасында мектепті жабдықтау үшін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп түсіндірді педагогтар.
Бүгінде оқу орны жұмысқа 100% дайын: спорт залы жөнделді, асхана аймағы кеңейтілді, автомобильдерге арналған жаңа тұрақ салынды. Кабинеттер де жаңа заманауи жиһазбен жабдықталған. Барлығына экран және проектор, интерактивті панельдер қойылған.
– Осылайша, оқушылар мен оқытушылар құрамы үшін оқу процесіне қолайлы жағдай жасалып отыр, – деп атап өтті оқытушылар.
Мектепте 2 психолог жұмыс істейді, олардың жеке жайлы кабинеті бар. Штаттық медицина қызметкері, оқушылар мен қызметкерлерді қабылдауға арналған медициналық пункт, сондай-ақ егу кабинеті бар. Барлық қажетті дәрі-дәрмектер алынды.