Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Семей қаласындағы цемент зауытының ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Партияның басты мақсаты – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі әділетті қоғам құру! Мемлекетке тәуелсіз соттар, халық сайлаған әкімдер керек!
Спикердің пікірінше, әрбір қазақстандық тегін медициналық қызмет көрсету мен тегін білімге қол жеткізуі тиіс. Нақты айтқанда, мемлекеттік мекемелерде (арнаулы орта және жоғары) білім беру мен денсаулық сақтау мамандарын тегін оқыту қажет.
Жастардың басым бөлігі баспанасының болмауының салдарынан отбасын құруға асықпайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ҚХП сайлауалды бағдарламасында жастарға 4 пайызбен несие беруді ұсынды. Бұған қоса әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етті.