Біз – Әділетті қоғам құруды қолдаймыз

Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат М.Магеррамов Павлодар өңіріндегі сайлаушылармен кездесті.

Спикер «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Халық партиясы жалдамалы жұмысшылардың, қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау жолында күресіп келеді. Біз қуатты орта таптың қалыптасуын қолдай отырып, табиғи шикізатты – мұнай-газ, мұнай-химия, тау-кен металлургиясын өндіру және өңдеу саласы еңбеккерлерін де назардан тыс қалдырмаймыз, – деді М.Магеррамов. Спикер партияластарының осы күнге дейін Мәжіліс мінберінен металлургтер мен кеншілердің өзекті мәселелерін көтергенін тілге тиек етті.

– Бүгінде ел экономикасындағы Қазақстанның тау-кен металлургия кешені ЖІӨ-нің шамамен 10%-ын, өнеркәсіптік өндірістің және барлық экспорттың 25%-ын құрайды. Салада 200 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Қызметкерлердің 90%-ға жуығы кәсіподақтардан тұрады. Олардың әлеуметтік-еңбек құқықтары ұжымдық шарттарда және салалық келісімде көрсетілген, – деді М.Магеррамов. Спикер жұмысшылардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, 19 наурызда өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

– Біздің ұран: Билік –Халыққа! Бай азаматтар – бай мемлекет! Әр отбасы мемлекеттің қамқорлығында, – деді спикер.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy