ҚХП Ақтөбе облысы филиалының өкілдері «Кемел-Білім мектеп-интернаты» ЖШС ұжымымен кездесті.
Қазақстан Халық партиясы атынан облыстық мәслихатқа кандидат Ж.Есенжолова мен Б.Дауылбаева ұстаздар қауымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
– Қазір қоғам алдында таңдау тұр. Ол – мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесін құру немесе әділетсіздік пен заңсыздыққа бұдан әрі мойынұсына беру. Әрине қазақстандықтар өзгерісті талап етеді. Біздің партияның басты ұраны: «Ел үшін! Жер үшін! Билік – Халыққа!» Қазақстан – еркін және ауқатты адамдардың елі! Біздің басты мақсатымыз – әділетті Қазақстан құру, – деді Ж.Есенжолова.
ҚХП сайлауалды бағдарламасы әлеуметтік саланы тұтас қамтыған. Оның ішінде халыққа қолжетімді медицина мен тегін білім беру, көпбалалы аналар мәселесі, жер, су, энергетика, тау-кен өндірістерінде қордаланған мәселелер бар.
– Еліміз әлеуметтік мемлекет болғандықтан, жоғарыда аталған қызмет түрлерін билік толық тегін қамтамасыз етуі тиіс. Біз дәрігерлер мен медбикелердің, балабақша тәрбиешілері мен күтушілердің, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың мәртебесін көтереміз. Балалардың өмірін құтқаратын және тәрбиелейтін барлық мамандарға лайықты жалақы төленіп, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалуы тиіс, – деді Б.Дауылбаева.