«Болашақ» мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді емес

dep.jpg Мүгедектігі бар адамдарға «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алу мүмкіндігі берілген бе? Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттердің осы санатына халықаралық бағдарлама бойынша қанша грант бөлінетіні туралы сұраққа жауап бере алмады.

– Мүгедектігі бар қанша адам «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр? – деп сұрады министрден Үкімет сағатында Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейітжан.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ны басқарған кезін есіне алған Саясат Нұрбек ерекше қажеттілігі бар бір студент қана шетелге оқуға жіберілгенін айтты.

– Сіздер білесіздер, мүгедектігі бар адамдарға «Болашақ» бағдарламасымен шетелге шығу өте қиын, – деді ол. – Қосымша қаржы қажет. Өткені мұндай студенттің жанында үнемі көмекші болуы керек, оған да қаражат бөлінуі тиіс.

Сондықтан мен сізге нақты жауап бере алмаймын. Бұл мәселе пысықтауды және жеке бюджеттік шешімді талап етеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy