Ұлттық құндылық болашақ ұрпақ үшін сақталуы тиіс

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары облыстарға жасаған жұмыс сапарларын аяқтап жатыр. Бұған дейін олар сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанған болатын. Кәсіпорындар мен мекемелерді аралау, қоғамдық қабылдау өткізіп, жиналыс жасау халықпен кері байланысты нығайтуға оң әсер етуде.

ҚХП депутаты Ислам Сұңқар Еркінұлы Түркістан қаласына жасаған сапарының қорытындысында «BNK Group» компаниясының ұжымымен кездесті. Ол Мәжілістің Аграрлық комитетінің өкілі ретінде кәсіпорынның технологияларына, атап айтқанда тамшылатып суару жүйесіне және аграрлық дронға қызығушылық танытты.

1

«BNK Group» жұмыскерлерінің айтуынша, қазіргі таңда жоғары технологиялар ауыл шаруашылығы саласына белсенді түрде енгізілуде. Диханшылыққа деген сұраныс шығындарды азайтуға деген ұмтылысты күшейтіп, жоғары технологияларды агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құралына айналдыруда. Технологияларды қолдану фермерлерге негізгі үдерістерді автоматтандыруға және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей, жоғары тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2

– Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайтып, нақты шешім қабылдауға жол ашады, – деп атап өтті И. Сұңқар кездесуде. – Еңбек ұжымдарының пікірін ескеру – сапалы заңнамалық бастамаларға негіз болады.

3

Мәжілісмен «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына да барды. Мұнда жылумен қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер мен кәсіпорын инфрақұрылымының қазіргі жағдайы талқыланды. Қаланың жылумен қамтамасыз етілуі көп жағдайда осы салаға байланысты.

4

5

– Жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі қала тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті И.Сұңқар.

6

7

Депутат «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымымен де жүздесті. Ұйым елдің тарихи-мәдени мұрасын қайта жаңғырту және оны болашақ ұрпаққа жеткізу бағытында жұмыс атқарады.

8

Кездесуде Түркістан ескерткіштерін ғылыми тұрғыда қайта жаңарту мәселелері (мұнда жаңартылатын нысандар жеткілікті!), жұмыс сапасын арттыру және білікті кадрлардың кәсіби әлеуетін күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу соңында мәжілісмен елдің тарихи мұрасын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдірді.

9

– Бұл бағыттағы жұмыс үнемі мемлекет тарапынан қолдау табады, – деп атап өтті Ислам Сұңқар. – Ұлттық құндылықты болашақ ұрпақ үшін сақтау – біздің қасиетті борышымыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy