Қазақстан Халық партиясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басым бағыттардың бірі ретінде белгілеген республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын белсенді түрде қолдап, өңірлердегі бастаманы іліп әкетті. Партия өкілдері «1000 шақырым тазалық» атты жеке жоба ұйымдастырды.
ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жобаны алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. Филиалдың белсенділері мен жастар қанаты Петропавл қаласының өнеркәсіптік аймағындағы көшелерді тазалады. Бұл аумақ республикалық маңызы бар М-51 тас жолының бөлігі болып табылады.
– Жоба жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
ҚХП Жетісу облыстық филиалының өкілдері «Талдықорған-Үштөбе» тас жолының жиегін тазалады. Еліміздегі басқа жолдар мен трассаларда осындай жұмысты партияның Ақмола, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық филиалдарының мүшелері, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының белсенділері атқарды.
– Біздің партияның белсенділері мен жастары қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және тазалықты сақтауға шақырады, – деп атап өтті ҚХП Абай облыстық филиалының өкілдері.
@halyk_partiyasy