Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Ақмола облысындағы ақпараттық-ағартушылық жұмысын жалғастыруда. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы ұйымдастырып жатқан іс-шаралар аясында мәжілісмен жергілікті тұрғындарға жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіруде.
Бұған дейін К. Сейтжан Қосшы қаласында болды, ал қазір Ақмол ауылын аралап жүр. Депутат кітапханашылармен, «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубының өкілдерімен және «Отбасын қолдау орталығының» ұжымымен кездесті. Сондай-ақ ол Целиноград қалалық емханасында болды.

Мәжілісмен «АЛЖИР» мемориалды музей кешеніне де барды.
– Бұл – әділет пен адамның қадір-қасиетін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салатын кеңістік, – деп атап өтті К. Сейтжан. – Бұл біздің өткен тарихымыз, біз оны білуге тиіспіз.
@halyk_partiyasy