Істеу керек нәрсені істе!

dep.jpg

t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III Республикалық форумында сөйлеген сөзін талқылауда. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың пікірінше, бұл форум өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешудің жолдары ұсынылатын прогрессивті ақпараттық алаңға айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде өңірлік саясаттың тиімділігін арттыру және жергілікті өкілді органдардың әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

– Халыққа ең жақын әрі жергілікті мәселелерді жақсы білетін орган – бұл мәслихат, – деді мәжілісмен. – Сондықтан жергілікті депутаттардың өкілеттіктерін нақтылау және халықтың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді тетіктерді күшейту – өте орынды қадам.

М. Магеррамовтың айтуынша, мұндай тәсіл өңірлік мәселелерді дер кезінде шешуге ғана емес, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді.

– Жаһандық саяси тұрақсыздық жағдайында мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару жүйесіндегі қолданыстағы құралдардың жұмысын реттеп, қайта қарастыру қажет, – деді Магеррам Магеррамов. – Бұл мәселеде жергілікті өкілді органдардың рөлін бағаламауға болмайды. Олар мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық диалогтың алдыңғы шебінде болуы тиіс.

Мәжіліс депутатының пікірінше, мәслихаттардың рөлін күшейту азаматтардың жергілікті деңгейде шешілуі тиіс өзекті мәселелері республикалық деңгейге дейін көтерілетін басқарушылық теңсіздікті жоюға көмектеседі. Ал мұндағы жұмыстың тиімділігі әрбір депутатқа байланысты.

– Мемлекет басшысы өз сөзінде Әділетті Қазақстанды құру ісінде әрбір қазақстандықтың маңызды рөлін ерекше атап өтті, – деді Магеррам Магеррамов. – Бұл жерде сөз жасампаз патриотизм мен азаматтардың саяси мәдениетін арттыру туралы болып отыр. Егер еліміздің азаматтары жалпыұлттық маңызы бар мәселелерге бейжай қараса, ешқандай реформа күтілген нәтижеге жеткізе алмайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy