Тазалық күні

dep.jpg

видеодан кадр

Бүгін Наурызнама аясындағы Жаңару күні. Бұл – жаңару мен табиғатқа қамқорлық жасалатын күн.

Осы күні Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат, Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің өкілі Кенжеғұл Сейтжан еліміздің барлық азаматтарын өмір сүріп жатқан ортаның жағдайына назар аударуға шақырды.

– Біз экология, ресурстар, болашақ сынды жаһандық мәселелер туралы жиі айтамыз, – деп атап өтті мәжілісмен. – Шын мәнінде барлығы қарапайым әрекеттен басталады: өзіңнен кейін жинау, ағаш отырғызу, айналаңа бейжай қарамау. Мен соңғы кезде мұндай істердің көзбояушылықтан арылып келе жатқанын байқап жүрмін. Адамдар шын ықыласымен атсалысып жатыр. Бұл тек орта ғана емес, көзқарас та өзгеріп жатқанының белгісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» бастамасы біртіндеп мемлекеттік саясатқа айналып келеді.

– Бұл бір күндік шара болмауы керек, – деп атап өтті К. Сейтжан. – Табиғатқа қамқорлық жасау, өзімізге қамқорлық жасаумен бірдей, қалыпты нәрсеге айналуы тиіс. Жаңару күні – өзімізге қарапайым сұрақ қоюға жақсы себеп: бүгін айналамды таза, жайлы әрі жақсы ету үшін мен не істей аламын? Барлығын шағын істен бастау қажет. Ең бастысы – бастау.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy