
Қазақстан Халық партиясы парламенттегі фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов Zoom-конференциясы арқылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы аясында өткен дөңгелек үстелге қатысып, «Сайлау және референдум: бақылаудың оңтайлы моделін іздеу» деген тақырып бойынша пікір алмасты.
Іс-шараға А. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі Роман Ромашов модератор болды.
ТМД ПА Кеңесі Атқарушы хатшылығының орынбасары, ТМД ПА Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының директоры Иван Мушкет бүгінгі таңда сайлауға халықаралық бақылау институты бекітілген тек екі халықаралық келісім бар екенін хабарлады: 2007 жылғы Африка демократия хартиясы және 2002 жылғы ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулардың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы ТМД Конвенциясы.
– Конвенция – халықаралық бақылаушылардың мәртебесі мен өкілеттігі туралы арнайы нормаларды қамтитын әлемдегі алғашқы халықаралық келісім, – деді институт басшысы.
Қатысушылар БҰҰ деңгейінде «Сайлау мен референдумға халықаралық бақылау қағидалары туралы декларация» қабылдауды ұсынды, онда халықаралық сайлау мониторингі миссиясының өткізілу тәртібін реттейтін негізгі нормалар бекітілуі тиіс екені нақтыланды. Құжат жобасын ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңсесінің Атқарушы хатшылығы әзірлеген.
@halyk_partiyasy