Болашақтың келісімі

dep.jpg

Мәжіліс депутаттары жуырда жарияланған Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын талқылауда. Көпшілікке ұсынылған құжат ешкімді бейжай қалдырмады. Оны қолдап жатқандар да, сынап жатқандар да бар.

Пленарлық отырыста Конституциялық реформаны талқылау барысында Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Конституцияны әзірлеушілер оған алдағы ондаған жылдарға бағдар болатын мазмұн енгізіп отырғанын атап өтті.

– Мен үшін ең маңыздысы –преамбуланың алғашқы тұжырымы: «Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз». Дәл солай! – деді мәжілісмен.

Ирина Смирнова преамбулада негізгі қоғамдық формулалар ескерілгенін атап өтті. Олар – Қазақстанның Біртұтас Халқы, жасампаз халық, өз тағдырын жасаушысы халық. Бұл – оның тарихи мұрасы: дала өркениетіне құрмет, ХХ ғасырдың сабақтары және Тәуелсіздік ұрпағының ерлігі. Бұл – мемлекетіміздің болашағы: Жаңа Қазақстанға бастайтын жол, «Заң мен Тәртіп» қағидаттары және әлеуметтік әділдік.

– Мұндай қоғамда билік халыққа тиесілі, – деді ҚХП депутаты. – Сөз жүзінде емес, іс жүзінде. Сондықтан преамбула – мемлекеттің әрбір азаматқа берген анты.

Мәжілісмен преамбуланың мәтініне жаңа заманның қоғамдық келісімі ретінде қарауды ұсынды.

– Конституция сөзбен емес, сөзді әрбір азамат үшін шындыққа айналдыратын тетігімен мықты, – деп түсіндірді ол. – Негізгі заңның нормаларында преамбуланың рухы сезіліп тұруы тиіс.

Кәсіби педагог ретінде Ирина Смирнова білім беру саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударды.

– Алғаш рет Конституцияда, преамбулада, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация темірқазық тұтатын құндылық ретінде көрсетілген, – деді ол. – Жаңа Конституцияның жобасында адам капиталы, білім мен ғылым, мәдениет пен инновация Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі тірегі ретінде қарастырылды.

Жоба бойынша жұмыс жалғасуда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy