Жол патрулі

dep.jpg

ҚХП

Қазақстан Халық партиясы «Халық үні» жобасы аясында 6 сәуірден бастап өңірлерде «Автомобиль жолдарына халықтық бақылау» атты жаңа акцияны іске қосады. Бұл бастама жол инфрақұрылымындағы проблемалы учаскелерді анықтауға бағытталған.

Акцияның негізгі қатысушылары – қазақстандықтардың өздері. ҚХП-ның өңірлік филиалдарында халықтан өтініштерді жинау онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылады.

– Тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы проблемалы жолдар туралы хабарлай алады, сондай-ақ сауалнама мен анкета толтыру барысында өз ақпараттарын ұсынады, – деді партия өкілдері. – Халықпен тікелей байланысқа ерекше назар аударылады.

Ең белсенді қатысушылар көшпелі мониторингке, сондай-ақ акцияның қорытынды іс-шараларына қатысуға шақырылады. Олар ашық диалог алаңдары форматында өтеді, оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, салалық басқармалар, депутаттар, белсенділер, тұрғындар және БАҚ қатысады.

– Жиналған өтініштер жобаның келесі кезеңдерінің негізіне айналады, соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп нақты шешімдер әзірлеу көзделген, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Тұрғындарды бейжай қалмай, қауіпсіз әрі сапалы жол инфрақұрылымын қалыптастыруға атсалысуға шақырамыз!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy