Қазақстанда жоғары білікті медицина мамандарының тапшылығы қатты сезіледі. Қазақстан Халық партиясы бұған қазақстандық білім беру бағдарламаларындағы кемшіліктерді кінәлайды.
ҚХП депутаты Магеррам Магеррамов атап өткендей, елімізде дәрігерлердің тапшылығы 5 мыңнан асты. Отандық денсаулық сақтау анестезиолог-реаниматологтарға, инфекционистерге, эпидемиологтарға және жалпы тәжірибелі дәрігерлерге мұқтаж.
Неліктен бұлай болды? Депутат мұның себебі біздің білім беру жүйеміздің кемшіліктерінде екенін атап өтті. Мәселен, Алматы облысында 2017 жылдан бастап «Медицина» мамандығы бойынша гранттар бөлінеді, бірақ тек «Бакалавриат» дәрежесі. Мұндай дипломмен тек медбике болмаса, дәрігер санатында жұмыс істей алмайды. Ал толыққанды кәсіби маман болу үшін интернатураны оқуы тиіс. Ал оған гранттар қарастырылмаған.
– Пандемия сынағы бізде білікті медициналық мамандарға деген қажеттілікті көрсетті, – деді Магеррамов. – Әйткенмен мұндай тәсілмен облыстарды сұранысқа ие дәрігер мамандарымен толық қамтамасыз ету мүмкін емес.