Өмір экологиясы

dep.jpg

t.me/mazhilis_kz

Экология – тек табиғат туралы ғана емес, ол адамдардың денсаулығына тікелей қатысты мәселе. Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты, Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан жаңа Конституция жобасының мәтінін осы тұрғыда талдап шықты.

Мәжілісмен әрі омбудсмен құжат жобасының 37-бабында маңызды өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Онда мемлекеттің негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау екені нақты бекітілген. Сонымен қатар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар туралы ақпаратты жасыруға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтіледі.

– Бұл азаматтар үшін маңызды кепілдік, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан. – Әсіресе бұл мүгедектігі бар адамдарға, қарт азаматтарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға қатысты. Олар үшін қоршаған ортаның жағдайы денсаулық пен өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан Конституциядағы мұндай нормалардың адамдарды нақты қорғауға қызмет етуі аса маңызды деп санаймын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy