Өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

Құрамына Қазақстан Халық партиясы енген «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қатысушылары өңірлерде халыққа жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру жұмысын жалғастыруда.

Жалпыұлттық коалицияның ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалындағы өкілдері облыстық онкологиялық және фтизиопульмонологиялық орталықтардың ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Оған ҚХП атынан мәслихат депутаты Анжела Горностаева қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және оның елді одан әрі жаңғыртудағы маңызы талқыланды. Іс барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызметтің сапасын арттыру және мәселелеріне ерекше назар аударылды.

1

2

Партия өкілдері Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Пікірталас барысында өңірлік коалиция өкілдері жаңа құжаттың мән-маңызын жан-жақты түсіндіріп, барша азаматтарды жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.

3

4

– Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталды, – деп атап өтті коалиция өкілдері. – Мұндай қоғамдық-саяси үдеріс заңды әрі табиғи құбылыс. Жаңа Конституцияны қабылдау – ел өміріндегі маңызды тарихи шешім.

5

Қызылорда облысындағы коалиция мүшелері Ұлттық сараптама орталығы филиалының ұжымымен кездесті. Мұнда Конституция жобасында ұсынылған өзгерістердің мазмұны мен құқықтық тетіктері талқыланды. Сөз сөйлегендер жаңа редакцияда заң үстемдігін күшейтуге, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін нақтылауға және азаматтардың құқығын қорғау кепілдігін кеңейтуге басымдық берілгенін атап өтті.

6

7

Өз сөзінде қоғам белсендісі Талғат Телеубаев цифрлық технологияларды енгізудің, сонымен қатар сот және құқық қорғау жүйесіне қатысты нормалардың маңыздылығын атап өтті.

– Сараптама саласының жұмысы сот процестерімен және тергеу әрекеттерімен тығыз байланысты, – деді ол. – Жаңа Конституцияда ұсынылған нормалар сараптамалық қызметтің тәуелсіздігі мен кәсіби жауапкершілігін арттыруға құқықтық негіз болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy