ЕҚЫҰ-дан келген қонақтар

ҚР жаңа конституциясының жобасына қатысты жалпыұлттық референдум қарсаңында Қазақстанға ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі (ДИАҚБ) бюросының сайлау жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу бастаған ДИАҚБ-тың қажеттілікті бағалау жөніндегі миссиясының ресми делегациясы келді.

Қонақтар ҚР Орталық сайлау комиссиясына барды. Конституциялық Сот басшылығымен, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесіп, елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа туралы ақпарат алды.

1

2

ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов кездесуге қатысушыларының бірі болды.

– Біз пікір алмастық, – деді мәжілісмен. – Оларды Конституциялық комиссиядағы депутаттардың жұмысы қызықтырды. Біз толық әрі нақты жауап бердік.

3

Жалпыұлттық Референдум 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy