Ерекше балалардың ата-аналары мен қамқоршыларын жан-жақты қолдау маңызды

Қазақстан Халық партиясы Үкіметке мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларды жұмыспен қамтудан босатылған жас мамандар санатына қосуды ұсынады.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, жас мамандар мен философия докторларын жұмыспен қамту жөніндегі комиссия бірқатар азаматтарды жұмыс істеу міндетінен босату туралы шешім қабылдайды. Олардың санатына 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, жүкті әйелдер мен үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған аналар кіреді.

– Өкінішке қарай, бұл тізімде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана жоқ, – деді ҚХП депутаты Магеррам Магеррамов. – Сонымен қатар, мұндай ата-анаға жұмыс өтілі де жүрмейді. Ал ол мүгедек баланы күтуге және оны емдеуге барлық уақыты мен энергиясын жұмсайды.

Онысымен қоймай, гранттық жұмыс істемегені үшін жас мамандарға сот айыбын төлеуді өндіріп алу туралы шешім шығарады. Сонымен қатар жауапкерлерге кейде тұрақсыздық айыбы негізінде мемлекеттік баж салығын да төлетеді. Ешқандай жеңілдіктер де қарастырылмайды.

– Көбінесе, осы санаттағы адамдар мүгедектігі бар бала күтімі бойынша жәрдемақыға ғана өмір сүреді, – деп атап өтті мәжілісмен. – Мұндай адамдар арасында мүгедек балаларды жалғыз тәрбиелейтіндер көп. Осы ретте біз адамдарды психологиялық құлдырауға және әлеуметтік тығырыққа тіреуге болмайды деп санаймыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy