Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі республикалық референдумға қатысты. ҚХП басшысы М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында орналасқан №137 сайлау участкесінде дауыс берді. – Бүгін көпұлтты Қазақстан халқы Президентпен бірге тарихи таңдау жасап жатыр, – деді Е.Ертісбаев дауыс беру рәсімінен кейін журналистерге.
ҚХП баспасөз қызметі