Филиалдар мәслихаттарға кандидаттардың тізімін толық қалыптастырды

Қазақстан Халық партиясының сегіз облыстық филиалында конференциялар өтті. Онда париялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша өңірлік мәслихаттарға ұсынылатын кандидаттардың тізімі бекітілді.

Іс-шаралар Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, сондай-ақ жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу облыстарында өтті.

Өңірлік мәслихатар өзін-өзі басқару жүйесінің өзегі. Онда аймақтардағы қордаланған өзекті мәселелер көтеріледі. Сәйкесінше, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі таразыланады. Түйткілдер түйінінің басым көпшілігі жергілікті мәслихаттарда тарқатылады. Сондықтан мұндай мандатқа білімі мен білігі толысқан ұлтжанды азаматар ғана лайықты. Ал Халық партиясында мұндай кадрлар жетерлік.

Сондықтан жергілікті филиалдар: – Біздің кандидаттарымыз – біздің тірегіміз! Олар халықтың мүддесін қорғау үшін мәслихаттарға барады. Бұл әншейін бос сөз емес!, – дейді.

Жалпы, Халық партиясы мәслихаттарға 600-ге жуық кандидат ұсынуды жоспарлап отыр. Олардың 40%-ы бір мандатты округтер бойынша қатысады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy