Конституциялық реформа: тең мүмкіндік қағидатын бекітеді

Жаңа Конституция жобасы республика бойынша талқылануда. Қазақстан Халық партиясы осы үдеріске белсенді қатысуда. Партияластар азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, Ата заңға енгізілген түзетулер мен жаңа нормалардың мәнін түсіндіруде.

ҚХП Шымкент қалалық филиалы алдағы уақытта жүзеге асырылатын реформаны талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шарада партия белсенділері мен сарапшылар жобаның негізгі ұстанымдарын, оның елдің саяси жүйесі мен азаматтық қоғам институттарының дамуына әсерін және мемлекетті жаңғыртудағы қоғамдық һәм саяси күштердің рөлін талқылады. Сонымен қатар Шымкент қалалық филиалының өкілдері №7 қалалық емхананың еңбек ұжымымен кездесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

1

2

4

5

– Біз Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, саяси жүйені трансформациялауға бағытталған жаңа ережелердің маңызын түсіндірдік, – деді ұйымдастырушылар. – Сонымен қатар Конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудағы қоғамдық институттар мен саяси партиялардың рөлін талқыладық.

3

Осындай дөңгелек үстел Алматы қаласында да ұйымдастырылды. Қалалық филиалдың белсенділері жиынды Жетісу жастар орталығында өткізді. Іс-шараға ҚХП төрағасының кеңесшісі, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің төрағасы Эльмира Әуезова, Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Айдар Жылқайдаров және басқалар қатысты.

6

– Біздің міндетіміз Конституциялық өзгерістердің негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымы және қоғам өкілдері арасында ашық диалог орнату болды, – деді ҚХП Алматы қалалық филиалының өкілдері.

7

Сонымен қатар Жетісу облысындағы ҚХП әйелдер қауымдастығы ҚР Конституциясы жобасын қолдайтындарын білдірді. Олар тақырыпты талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Қатысушылар ұсынылып отырған жоба тең мүмкіндік қағидатын бекітетінін, азаматтық қоғамның белсенділігін күшейтетінін, отбасын және ана мен баланы қорғауды қамтамасыз ететінін, сондай-ақ цифрлық дәуірдің сын-тегеуіріндерін, оның ішінде жеке деректер мен жеке өмірді қорғауды ерекше назарға алатынын атап өтті.

8

9


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy