Әзербайжан елінің үшінші президенті болған Гейдар Әлиевтің 100 жылдығы халықаралық деңгейде тойланып жатыр. Аталмыш шараға қатысу үшін Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов іс-сапармен Әзербайжан Республикасына аттанды.
Басқосуға 30-дан астам елдің Парламент өкілдері, парламентаралық ұйымдар, Парламентаралық одақ, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Гейдар Әлиев Қазақстанға және қазақ халқына шынайы бауырластық пейілімен әйгілі. Ол екі ел арасындағы берік достық қарым-қатынасты дамытуға бар күш-жігерін жұмсаған тұлға.
Айта кетейік, Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Жиында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов отырысқа қатысушыларға және барша Әзербайжан халқына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жетікізді.
Сондай-ақ, делегация құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен қатар Сенат депутаттары да кірді.