4 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Александр Милютин Семей қаласындағы «Спартак» стадионында аяқдопшылармен кездесті.
Партия өкілі отандастардың жақсы өмір сүруі үшін Халық партиясының қандай өзгерістер енгізуді көздеп отырғанын айтты.
– Семей өткен жылы облыс орталығы мәртебесіне ие болды. Ал бұл өзгерістер облыс тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуі тиіс. Халық партиясы аймақтарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, заманауи жолдар салуды талап етеді, – деді Александр Милютин.
Сондай-ақ ол бұқаралық спортты дамыту мәселесіне де тоқталды. Халық партиясы «ArtSport» бағдарламасын қолдаған жалғыз партия. Нәтижесінде, еліміздегі мыңдаған жас шығармашылықпен және спортпен тегін айналысуға қол жеткізді. Бұл балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға, ой-өрісін дамытуға және көптеген отбасының әлеуметтік ахуалын қолдауға септігін тигізді.
Кездесуде Александр Милютин білім, медицина және әлеуметтік салалардағы мәселелерді де тілге тиек етті. Сонымен қатар ол 19 наурызда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
– Халық партиясы сайлауда жеңіске жетеді. Себебі, Халық партиясының жеңісі – халықтың жеңісі, – деді ол.