Халық партиясы өкілдері ТМД бақылаушыларымен кездесті

Тыныштық күні қарсаңында ТМД халықаралық парламентаралық Ассамблеясының (ХПА) байқаушылар делегациясы Қазақстан Халық партиясының басшылығымен кездесті.

Іс-шара барысында ТМД ХПА Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий Қазақстандағы жүргізілген ұзақмерзімді мониторинг туралы айтты. Ол сайлау науқаны барысында заң бұзушылықтар тіркелмегенін жеткізді.

– Барлығына тең құқықтар берілді, – деп атап өтті Кобицкий. – Сіздің партияның Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тәжірибесін барлық халықаралық бақылаушылар оң бағалап отыр.

ҚХП төрағасының орынбасары Найль Сайфуллин делегация өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының мәнін баяндады. Сонымен қатар, төраға орынбасары қонақтарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Социализм идеясы қазір қоғам ішінде жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Сондықтан ҚХП алдағы сайлауда жеңіске жетеріне үміттенеді.

– Халық партиясы – солшыл партия, – деп атап өтті ол. – Біздің негізгі қағидаттарымыз бен басты идеологиямыз – әлеуметтік бағдарланған әділетті қоғам құру!

Кездесу соңында тараптар бір-біріне табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Айта кетейік, халықаралық парламентаралық Ассамблея Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы болып табылады әрі ТМД-мен бір мезгілде құрылған. Ұйым әртүрлі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді таразылап, парламенттік ынтымақтастықты талқылайтын консультативтік институт ретінде негізі қаланған.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy