Қазақстан Халық партиясының Абай облыстық филиалы «Қайнар» колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Басқосу барысында филиал басшысы Айдын Егеубаев Семейдегі ҚХП қызметі туралы айтып, жастарға ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің маңыздылығын, сондай-ақ партияның осыған қатысты ұстанымын түсіндірді. Атап айтқанда, Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-әділ мемлекет пен құқықтық қоғам құру бағытын қолдайды.
Филиал төрағасының орынбасары Талғат Сәбитов студенттерге ҚХП бастамасы нәтижесінде ҚР Конституциясына Қазақстан халқы жер мен табиғи ресурстардың иесі болып табылады, ал мемлекет тек активтерді басқарады деген түзету енгізілгенін жеткізді.
«Айырмашылық мынада: қазір халық жер қойнауы мен жерге иелік етеді.Ал халық жерді пайдаланудан дивидендт алуға құқылы. Бұған мысал ретінде Тоқаевтың «Ұлттық қор – балаларға» жобасын құру туралы жақында жасаған ұсынысы, соған сәйкес Ұлттық қор инвестицияларының 50% қазақстандық кәмелетке толмаған азаматтардың шоттарына аударылады. Қазір жобаның тетігі әзірленуде», – деп түсіндірді Сәбитов.
Сонымен қатар Сәбитов Мемлекет басшысы елдегі олигополияға үзілді-кесілді қарсы екенін еске салды. «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарын жекешелендіру тізімінен 200-ден астам нысан алынып тасталды.
«Шикізатқа тәуелділіктен арылудың бір ғана жолы бар – адам капиталына, балаларға, жастарға инвестиция салу. Сондықтан партия бағдарламасының негізгі бөлігі ана мен баланы қолдау болып табылады», – деп атап өтті төрағаның орынбасары.
Қазіргі уақытта ҚХП-ның 10 мүшесі ауылдық округтердің әкімдері, 86 аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Сөзін қорытындылай келе, Сәбитов партия ҚР-ның қазіргі Президентін неге қолдайтынын түсіндірді.
«Қазіргі дүниежүзілік геосаяси сынақ жағдайында, әлем қарама-қайшы блоктарға ыдырап бара жатқанда, біздің елімізге мемлекеттік басқаруда және халықаралық саясат саласында өте үлкен тәжірибесі бар басшы қажет. Халық партиясы үшін халықтың мүддесі бәрінен жоғары. Халыққа тұрақтылық пен тыныштық қажет», – деп түйіндеді ол.