Халық партиясының Халықтық бақылауы

Қазақстан Халық партиясы "Қауіпсіз мектеп" акциясын жалғастыруда. Науқан шеңберінде партиялықтар мен қоғам белсенділері білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізеді. Іс-шара балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Науқан 30 тамызға дейін жалғасады.

Осы ретте, Арқалық қалалық өкілдігінің төрағасы Жанна Қайырбекова және тиісті ведомстволардың сарапшылары Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы № 3 мектепке барды. Мектеп директоры Нұрдәулет Ахатов қонақтарға мектептің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде, сондай-ақ "Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетілгені туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол партиялықтармен бірге кадрларды іріктеу, мұғалімдердің біліктілігі, педагогикалық құрамды оқыту, мектеп инфрақұрылымын жақсарту және дарынды балаларға арналған даму бағдарламалары мәселелерін талқылады.

1

"Қауіпсіз мектеп" акциясы аясында ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері №35, №43, №17 және №22 мектептерде болды. Аталған білім беру мекемелерінің басшылары қонақтарға демалыс кезінде атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, білім ордасында нақты қандай жұмыстар атқарылғанын көрсетті.

3

4

5

8

ҚХП Абай облыстық филиалының төрағасы Айдын Егеубаев өзінің орынбасары Кан Кенеспаевпен бірге Семей қаласының №27 орта мектебінің директоры Айгүл Төкеновамен кездесті. Ол комиссия мүшелеріне мектеп бойынша шағын экскурсия ұйымдастырып, оларға сыныптардың жай-күйін, спорт және акт залын, мектеп маңындағы аумақты таныстырды.

9

6

7


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy