Халық партиясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр, көктемнің соңғы күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақстан Халық партиясы АЛЖИР мемориалдық кешеніндегі ескерткішке қызыл қалампыр қойып, заңсыз жер аударылғандарды, сотталғандарды және жазықсыздан-жазықсыз қорлық көргендерді еске алды.

Осыдан жүз жыл бұрын бұл жерде Отанын сатқан опасыздардың әйелдерінің атышулы Ақмола лагері (АЛЖИР) ашылды. Әр жылдары мұнда «Халық жауларының» отбасы мүшесі болғаны үшін кінәлі деп танылған әйелдер адам айтқысыз жағдайда өмір сүрді. Жазықсыз қамалған, сотсыз сотталған әйелдердер кішкентай балаларымен темір тордың ар жағында құсалықпен күн кешті.

Әнші Лидия Русланова, актриса Татьяна Окуневская, жазушы Галина Серебрякова, ақындар мен жазушылардың, мемлекет қайраткерлерінің әйелдері Алжирдің азабын тартты. Гүлжамал Майлина, Әзиза Рысқұлова, Гүләндам Ходжанова, Анна Қаған, Фатима Османова, Елизавета Сәдуақасова да Ақмолино ауылының жанындағы лагерьде қорлық көрді.

Жалпы Ақмола лагерінде 62 ұлт өкілінен құралған 18 000-нан астам әйел өмір мен өлім арасында тағдырдан таяқ жеді.

Ескерткішке гүл қою рәсімінен кейін ҚХП төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин сталиндік қуғын-сүргінді ел тарихындағы ең қаралы кезең деп атады.

Біле жүріңіз, озбырлыққа одақ құрамындағы республикаларда тұратын барлық ұлт өкілі тап болды. 1930 жылдары қазақ зиялылары да қуғын-сүргіннен жапа шекті. Өкінішке қарай, қазір жалпыхалықтық трагедияны араздық пен ұлтаралық алауыздық ретінде көрсеткісі келетін арандатушылар бар. ҚХП бұл барып тұрған бассыздық деп санайды.

Қазақстан халқы саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен отандастарға тағзым жасауды парыз деп біледі. Бүгінгі таңда әділет салтанат құрып, заңсыз сотталғандар ақталып, олардың есімдері көшелер мен университеттерге беріліп жатыр. Бұл – саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетілген құрметтің бір парасы ғана.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy