Қазақстан Халық партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова №144 Алматы орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Әңгімелесу барысында мектепте шешімін таппай тұрған мәселе көп екені анықталды. Ғимаратқа күрделі жөндеу және оқу орнының аумағын тәртіпке келтіру қажет. Қандай да бір түсініксіз жағдаймен мектептің жер телімі коммерциялық кәсіпорындарды орналастырған жеке тұлғалардың қолына өтіп кеткен.
– 1200 бала оқитын мектеп кітапханасы сырахананың жанында орналасқан! – деп ашуланды мұғалімдер. – Мектеп аумағындағы қоршауға басқа да сауда нүктелері жанаса орналасқан. Сонымен қатар оқушылар үшін қауіп төндіретін аргонды дәнекерлеу кәсіпорны мектеп қоршауының ішінде тұр.
«Көршілер» қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Мұғалімдер мектеп аумағында заңсыз жұмыс істейтін асханаларда жоғары қысымды газ баллондары бар деп шағымданады. Ал қыста «мектеп жанындағы» сауда үйінің төбесіне мұз қатады. Ол жоғарыдан құлайтын болса, соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Мектептің ауласында оқушылар жүретінін ешкім назарға алып жатқан жоқ.
ҚХП қалалық филиалының жетекшісі, Алматы мәслихатының депутаты Тамерлан Сұлтанғалиев мәселені бақылауға алуға уәде берді.