ҚХП ана мен баланы қолдайды

7 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Қахарман Жақсылық «Талдықорған облыстық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұжымына сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Ол Халық партиясы әйелдердің 58 жастан зейнетке шығу қозғалысын қолдағанын, нәтижесінде 61 жастан зейнетке шығуға 5 жыл мораторий жарияланғанын атап өтті.

– Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында көпбалалы аналарға, толық емес отбасы мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналарға қолдау көрсетуге басымдық берілген, – деді Қ.Жақсылық.

Оның сөзінше, партияның саяси платформасында әйелдердің, ерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі ерекше назар аударылған. Партия әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етеді.

Айта кетейік, сайлауалды бағдарламада партия тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жазаны қатаңдатуды ұсынды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекті балаларға тағайындалатын жәрдемақымен алмастыруды және жәрдемақының қазіргі 13 мың теңге көлеміндегі мөлшерін ұлғайту бастамасын көтерді.

– Әйелдердің даналығы мен қайратының арқасында түрлі қиындықтарды еңсеріп келеміз. Әйелдер дүниеге ұрпақ әкеледі, бала тәрбиесімен айналысады. Парламентте біз әйел-аналарды қолдайтын заң қабылдаймыз! – деді Қ. Жақсылық.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy