ҚХП балалар жәрдемақысын 70 мың теңгеге көтеруді талап етеді

3 наурызда ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков Батыс Қазақстан облысындағы «Мар-эль» шаруа қожалығында болып, өңірдің еңбек адамдарымен кездесті. Сондай-ақ ол жұмысшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Қазіргі таңда аймақ халқын толғандырған әлеуметтік саладағы мәселелер көп. Атап айтар болсақ, тұрғындар тұрғын үйге қол жеткізе алмай келеді. Медицина мен зейнетақы саласы да сын көтермейді.

– Халық партиясы 1-3 бала тәрбиелеп отырған аналар үшін – қолжетімді баспана, ал көпбалалы аналарға – тегін баспанамен қамтуды талап етеді, – деді ол.

Халық партиясы балаларға лайықты жәрдемақы берілу керек деген пікірде. Осы орайда партия 1 балаға ең төменгі жалақы яғни, 70 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындауды талап етеді. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайды.

Әлеуметтік рефоромаларды жүзеге асыру үшін ең алдымен саяси өзгерістер керек.

– Біздің партия ең бірінші кезекте қарапайым халықтың тілегін түсінетін Халықтық үкімет құру қажет деп есептейді. Біздің мақсатымыз – халықтың билігі мен байлығы қазақстандықтарға тиесілі әділетті қоғам құру, – деді ол.

Сондай-ақ А.Асылбеков әділетті Қазақстанды құру үшін әкімдер мен аудандық сотарды халық сайлауы керек дегенді айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy