14 наурызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Жақсылық Қахарман Жетісу облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлерімен сайлауалды үгіт-насихат жиынын өткізді.
Халық партиясы табыстың әділетсіз бөлінуімен сипатталатын Қазақстандағы қалыптасқан капитализм жүйесінің мәнін түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Бұл жүйе бойынша олигархтардың шағын тобы ел байлығын басқарады, ал халықтың басым бөлігі кедейшілікте өмір сүреді. Ол жемқорлықтың, трайбализм мен клептократияның өсуімен сипатталады. – Біз жаңа әділ қоғам құрамыз! Халық партиясы Конституцияға табиғи байлық пен жер қойнауы халыққа тиесілі деген норманың енгізілуіне қол жеткіздік, – деді Жақсылық Қаһарман.
Жиын барысында үйдің үлкені кәмелетке толғаннан кейін аналар көпбалалы мәртебесінен айырылатыны әділетсіздік деп ашынды көпшілік. Себебі, «Көпбалалы ана» мәртебесі болмағасын, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерден де құралақан қалады. Осы орайда Халық партиясы алтын құрсақты аналарымыздың мәртебесін өмір бақи сақтауды талап етіп отыр.
Сонымен қатар жас отбасыларға берілетін ипотекалық жеңілдіктер, ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламалары мен көпбалалы аналарға ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар бойынша партияның ұсыныстары сөз болды.
Халық партиясы қатпар-қатпар құжат жинауға мәжбүрлейтін атаулы әлеуметтік көмектен бас тарту керек деп есептейді. Оның оң шешімі – балалар жәрдемақысының мөлшерін көбейтіп, ең төменгі жалақы яғни, 70 000 теңгеге жеткізу. Партияластардың пайымынша, бала туғаны үшін берілетін төлемдерді де көбейту керек. Партиялықтардың пікірінше, бала туылғаны үшін, оның ішінде жұмыс істемейтін аналарға да төленетін төлемдерді көбейту қажет.