ҚХП: Дәрігерлерге лайықты жалақы төленуі керек

13 наурызда елордамызда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Найла Аппасова мен мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Әбдірахманов «Республикалық трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының ұжымымен кездесті.

Спикерлер дәрігерлерге партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Онда партия өкілдері ҚХП дәрігерлердің мәртебесін көтеруді көздейтінін, сонымен қатар қолжетімді және тегін дәрі-дәрмекті халыққа үлестіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, олар медицина қызметкерлері лайықты жалақы алуы тиіс екенін тілге тиек етті.

Партия өкілдері ұжымға 19 наурызда өтетін сайлаудың маңыздылығын айтып, сайлау құқықтарын пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде дәрігерлер елімізде 3 мыңнан астам адам трансплантациялау кезегінде тұрғанын жеткізді. Мұның көбісі 35-45 жас аралығындағы науқастар екені айтылды.

– Қазақстанда ағза донорлығын дамытудағы негізгі проблемалары жетерлік. Ең бастысы бұл бағытта заңнамалық өзгерістер мен ақпараттық жұмыстар қажет, – деді олар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy