ҚХП еңбек адамының құқығын қорғайды

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтің Қарағанды облысының сайлаушыларымен кездесуі жалғасып жатыр.

ҚХП төрағасы «ЖИТС-орталық» медициналық мекемесінің ұжымымен кездесті. Жиында МӘМС және медицина қызметкерлеріне мәртебе беру мәселесі талқыланды.

– Адам жанының арашасы болып жүрген жандарға қоғам тарапынан ерекше құрмет көрсетілуі тиіс, – деп атап өтті Е.Ертісбаев.

Саран қаласында Е.Ертісбаев Саран шахтасының жұмысшыларымен және «QazTehna» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Мұнда қолданыстағы Еңбек Кодексінің кемшін тұстары мен жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесі әңгімеге арқау болды.

Е.Ертісбаев партияның сайлауалды бағдарламасында тәуелсіз кәсіподақ әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал ететіні атап көрсетілгенін мәлімдеді. – Қазақстан Халық партиясы еңбек қатынастарын тұрақтандыруды және еңбек адамының құқығын қорғауды қолдайды, – деді партия төрағасы.

Е.Ертісбаевтың үгіт-насихат аясындағы сапары Абай ауданына қарасты ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесумен түйінделді. Бұл жерде партияның сайлауалды бағдарламасында ерекше назар аударылған ауылды жандандыру, сумен жабдықтау, су бұру мәселелерін шешу, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен жолдарды жөндеу сынды өзекті мәселелер тілге тиек болды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy