Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Александр Милютин «Шүлбі ГЭС» ұжымымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесу өткізді.
Спикер ең бірінші Халық партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды. Халық партиясы социализмді жақтайды. Сондай-ақ қазақстандықтардың лайықты өмір сүруі үшін мемлекет халыққа тегін дәрі-дәрмек пен қолжетімді білім болуы тиіс деп есетпейді. Партияның негізгі ұраны – Билік пен байлық халыққа!
Партия өкілі кездесуде энергетика мәселесіне тоқталды. Энергетика саласындағы кәсіпорындар төл теңгемізбен берілетін арзан несиден қағылып, салдарынан шетел банктерінен несие рәсімдеп жүр. Бір сөзбен айтқанда девальвация пайданы жұтып, елде қалуы тиіс несиенің пайыздары шетел асып жатыр.
– Екінші деңгейлі банктерді нақты секторды несиелеуге қайта бағыттау қажет. Сондай-ақ мемлекеттік «Өнеркәсіптік ипотека» бағдарламасын қабылдау керек, – деді А.Милютин.
Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестелерін теңестіруге және тәулік бойынша құрал-жабдықтар жүктемесін азайтуға бағытталған тарифтердің күшін жою – энергетиканы дамытудағы кері қадам болды. Тұтынушылардың тариф пен тарифтік аймақты таңдау құқығынан айыру – бұл салаға жетістік әкелмейді. Дифтарифтердің жойылуы – ең жоғары жүктеменің артуына, күндізгі және кешкі уақыттарда станциялар мен желілердің тозуына жол ашты. Түнде жұмыс істемейтін трансформаторларға күш түсіп, технологиялық шығындарды арттырды. Сондықтан электр энергиясын тұтынушыларға тариф пен тарифтік аймақты таңдау құқығын беру қажет деп есептейміз. Заңды және жеке тұлғалар үшін бірыңғай тарифтерді енгізу қажет.