Елордадағы және өңірлердегі Қазақстан Халық партиясының өкілдеріне Мемлекет басшысының қолы қойылған алғыс хаттар табысталды.
Осылайша, 2022 жылғы сайлау науқанының ең белсенді қатысушыларына құрмет көрсетілді.
Салтанатты рәсімді ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өткізді. Қазақстан Халық партиясы Халықтық Коалиция құрамына басқа қоғамдық бірлестіктермен бірге енген үш партияның бірі болды.
ҚХП Президенттік сайлауда ортақ кандидат ретінде қазіргі Мемлекет басшысын ұсыну бастамасын алғашқылардың бірі болып көтерді.
Партиялықтар Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді: халықпен кездесулер ұйымдастырып, еңбек ұжымдарында үгіт-насихат ұйымдастырды.
Мемлекет басшысы өткен сайлаудағы Халық Коалициясының қызметін жоғары бағалады.
– Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер жауапты сәтте бірігуге дайын екендігін көрсетті, – деп атап өтті Тоқаев ұлықтау рәсімінде. – Мені Президенттікке кандидат етіп ұсынған Халықтық Коалиция мүшелеріне алғыс айтамын.