ҚХП: Көпбалалы аналарды 55 жастан зейнетке шығару керек

9 наурызда Парламент Мәжілісі депутатығына кандидат Ж.Бастаубаева Тараз қаласындағы облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ұжымымен кездеседі.

Онда спикер Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын тарныстырып, сайлаушылармен еркін пікір алмасты.

Спикер еңбек ұжымына Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия өкілі мемлекет көпбалалы отбасында тәрбиеленген балаларға жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін білім беруге тиіс екенін мәлімдеді.

– Халық партиясы әйелдердің зейнетке шығу жасын – 58, ал 4 және одан көп баланы тәрбиелеп отырған аналарды 55 жасқа дейін зейнетке шығаруды талап етеді. Біз мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді жақтаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін олар мүгедектік бойынша жәрдемақы мен зейнетақыны қатар алуы керек, – деді Ж.Бастаубаева.

Сөз арасында ол жұмысшылардың еңбекақысын көтеру, халыққа төмен мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде медицина өкілдері 19 наурызда болатын сайлауда Халық партиясына дауыс беретіндерін айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy