ҚХП Қостанайда өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетті
Қазақстан Халық партиясы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен жандарға жылу жинауды жалғастырып жатыр. ҚХП Қостанай филиалының өкілдері қайғылы оқиға орнына барды. Партиялықтар Аманқарағайда және жақын маңдағы ауылдарда болды. Филиал басшысы Андрей Ковальдың айтуынша, өрт шарпыған жердің ауқымы үлкен.
– Біз өртенген орманды көріп, шошындық, – деді ол. – Өрт жолдың екі жағында болды. Мен өмірімде алғаш рет үлкен ағаштардың ішінен жанып жатқанын көрдім. Салдарынан көптеген сөндірілген учаскелерде өрт қайтадан басталды.
Партия өкілдері өрттен зардап шеккендерге бөтелкедегі су, бұқтырылған ет, жеке гигиена заттарын алып келді. Зардап шеккендер барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді, алайда олар жақын арада үйлеріне орала алмайды.
– Біздің еріктілер хабарлағандай, – деді Коваль, – қазір зардап шеккендерге азық-түлік, оның ішінде ұзақ сақталатын азық-түлік, ер адамдар мен әйелдерге және балаларға арналған жеке гигиена тауарлары, сондай-ақ төсек-орын жабдықтары: көрпе, жастық, ақжайма және т.б қажет. Осының барлығын сатып алу үшін ақша керек. Қазіргі таңда ҚХП өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету шотына түсетін қайырымдылық қаражатын жинақтауда (сатып алу осы жерден жүргізілді). Барлық қаражат бойынша толық есеп беріледі.
Бұған дейін жазғанымыздай, Қостанай облысындағы өрттерден зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуге ниет білдірушілер үшін ҚХП келесі реквизиттермен арнайы банктік шот ашты: Каспи банк, карта нөмірі: 4400 4301 7615 5676 Коваль Андрей Петровичтің атына +77772243643 телефон нөміріне байланған.
Сондай-ақ көмектесуге ниет білдірушілер барлық өңірлердегі Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалдарының басшылығымен байланыса алады.
Партия мүшелері бір күндік жалақыларын өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударды.