ҚХП өрттен зардап шеккен жандарға жылу жинауды жалғастыруда
Қазақстан Халық партиясы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ұйымдастырды. Олар барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы партия филиалдары жанынан ашылды. Бұған қоса тілсіз жаудан жапа шеккендерге ақшалай қаражат жиналатыны жарияланды.
Өрттің салдарынан барлық мүлкінен айырылған адамдарға 360 қорап шай, 30 литр күнбағыс майы, бөтелкеге құйылған ауыз су, консервілер, жарма, макарон өнімдері, гигиена құралдары, сабын, дымқыл майлықтар мен памперстер, киім, аяқ киім, төсек жабыны сынды заттар жетізілді.
Билік баспанасыз қалған адамдарды эвакуациялап, уақытша жергілікті мектептер мен интернаттарға орналастырды. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге бүкіл елге атсалысып жатыр.
– Қазір зардап шеккендерге азық-түлік, оның ішінде ұзақ сақталатын азық-түлік, ер адамдар мен әйелдерге және балаларға арналған жеке гигиена құралдары, сондай-ақ төсек-орын жабдықтары: көрпе, жастық, ақжайма және т.б қажет. Осының барлығын сатып алу үшін ақша керек, – деді төтенше жағдай орын алған жерге барған ҚХП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Андрей Коваль.
ҚХН-ның арнайы банктік шотына 2 миллион теңгеге жуық қаражат түсті. Партия мүшелері көмек ретінде өрттен зардап шеккен отбасыларға бір күндік жалақыларын аударды.
– Төтенше жағдайдың салдарын тек ортақ күш-жігермен ғана еңсеруге болады, – деп есептейді партия өкілдері.
Естеріңізге салайық, Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуге ниет білдірушілер үшін ҚХП келесі реквизиттермен арнайы банктік шот ашты: Каспи банк, карта нөмірі: 4400 4301 7615 5676 Коваль Андрей Петровичтің атына +77772243643 телефон нөміріне байланған.
Сондай-ақ көмектесуге ниет білдірушілер барлық өңірлердегі Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалдарының басшылығымен байланыса алады.