ҚХП сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барлық аймақта өтуде

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Талғат Темірханов Ақмола облысының тұрғындарына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырған спикер – билік пен байлық халыққа тиесілі әділетті қоғам құруды талап етеміз деді.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Абай ауданы қарасты Энергетик ауылындағы емхананың медицина қызметкерлерімен кездесті. Халық партиясы дәрігерлердің мәртебесін көтеруді қолдайды.

Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Борис Лаврентьев Бәйтерек өңірінің тұрғындарымен кездесті. ҚХП әкімдерді халық сайлауы керек деген пікірде. Сонымен қатар қазақстандықтар халықтық үкіметті талап етеді. Егер олар өз міндеттерін орындай алмаса, олардан мандатты кері қайтаруы қажет.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Қаһарман Жақсылық Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті. Партиялықтар жиынға қатысушыларды 19 наурыз күні сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру құқығын пайдалануға шақырды! Қазақстанда қалыптасқан капитализм жүйесінің мәнін түбегейлі өзгерту қажет.

Кездесулерде халық жалақының жетпейтіні, азық-түлік бағасының қымбаттауы, әлеуметтік салалар мен жолдар мәселесін айтып, спикерлермен еркін пікір алмасты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy